«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ
Мәдени - тарихи орындарға танымдық саяхаттар мен демалуға барған оқушылардың естелік суреттері


1 күндік жазғы шатырлық лагерь туралы анықтама

Тақырыбы: «ӨРКЕН» 1 күндік жазғы шатырлық лагері
Формат: шатырлық дала лагері
Мақсаты: Балалардың табиғатты сүюіне, командалық жұмысқа, белсенді демалысқа және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Өткізілген уақыты: 03 маусым, 2026 жыл
Қатысушылар: 7–14 жас аралығындағы балалар
Өтетін орны: ауыл сырты, далалық жер
Ұзақтығы: 09:00–18:00
Құндылық: «Заң және тәртіп»

«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 03 маусым күні 1 күндік шатырлық лагерь болды. Демалушы балалармен ДТІЖО К.Кумарова, мектеп психологі Н.Губашева, мектеп медбикесі Ж.Нысанова, тәрбиешілер І.Нұрхатов, А.Саламатова, М.Қуат, Қ.Тоқашев жоспарлы жұмыстарын жасады. Лагерь барысында демалушылар топқа бөлініп, өз топтарының аттарына сай ұрандарын айтып, топ жетекшілерімен біріге отырып, түрлі бағытта жұмыс жасады. Балалар командалық жұмысқа белесене қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп,суреттер салып, спорттық сайыстарға қатысып, достық пен ынтымақтастық ортасын қалыптастырып демалды.
https://www.instagram.com/reel/DZUA7sWMUeL/?igsh=cHFhaHo0MGY1aXFm

 

«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ

1 күндік жазғы шатырлық  лагерь туралы анықтама

Тақырыбы: «ӨРКЕН» 1 күндік жазғы шатырлық лагері

Мақсаты: Балалардың табиғатты сүюіне, командалық жұмысқа, белсенді демалысқа және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Қатысушылар: 7–14 жас аралығындағы балалар

Өтетін орны: ауыл сырты, далалық жер

Ұзақтығы: 09:00–18:00

09:00–09:30. Қатысушыларды қарсы алу

Лагерьдің ұраны: «Қауіпсіздік – бірінші орында, тазалық – басты қағида, достық – біздің күшіміз!»

Жүргізуші:

Әнұран орындалды.

– Қайырлы таң, жас достар! Бүгін біз табиғат аясында қызықты оқиғаларға толы бір күн өткіземіз. Барлығыңызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз!

Балаларға Танысу ойыны «Менің атым және бір қасиетім»

Әр бала өз атын айтып, өзін сипаттайтын өз есімінің бас әріпімен басталатын бір жақсы қасиетін атайды.

Мысалы: – Мен - Айбекпін, мен - алғырмын….

09:30–10:00. Лагерьдің ашылуы

  • Лагерь ережелерімен таныстыру
  • Қауіпсіздік нұсқаулығы
  • Командаларға бөлу

Команда атаулары:

  1. «Жалын» тобы – жетекшісі Нұрхатов Ізбасар
  2. «Достық» тобы - жетекшісі Қуат Мөлдір
  3. «Қайрат» тобы - жетекшісі Саламатова Айна
  4. «Өркен» тобы - жетекшісі Тоқашев Қанат

Әр команда ұрандарын айтады.

10:00–10: 30. Таңғы жаттығу 

Командаларға тапсырма:

Аумақты белгілеу

Бағалау:

Ұйымшылдық

Тазалық

Шығармашылық

10:30–11:45. Квест ойыны- Нұрхатов Ізбасар.

«Табиғат құпиялары»

Бекеттер:

1-бекет. «Жұмбақтар әлемі»

Табиғат туралы жұмбақтар шешу.

2-бекет. «Із кесушілер»

Жануарлардың іздерін тану.

3-бекет. «ЖАС ӘДЕБИЕТШІ»

Шағын әңгіме немесе бір  ертегіні оқып, топта талқылау, пікір айту

4-бекет. «Мақал – сөздің мәйегі»

Мақал айтудан жарыс

Әр тапсырма үшін ұпай беріледі

11:45–13:00. Қол жуу. Түскі ас. Тамақтану

Қысқа демалыс, ас қорыту

13:00–14:00. Спорттық сайыстар - Тоқашев Қанат.

Жүргізуші:

– Жеңіс тек жылдамдықта емес, ұйымшылдықта!

14:00–15:00. Шығармашылық сағат- Қуат Мөлдір.

Байқау: «Табиғат – біздің үйіміз»

Командалар:

  • Табиғи материалдардан бұйым жасайды; немесе
  • Плакат салады  немесе
  • Қысқа көрініс қояды.

15:00–16:00.

«Сулифа» ойыны

16:00–17:00.  Саламат Айна - Достық  ойыны. Балалар шеңберге жиналады.

Бағдарлама:

  • Ән айту
  • Би
  • Қызықты оқиғалар айту
  • «Мен бүгін не үйрендім?» бөлімі

Әр бала бір сөйлеммен өз әсерін бөліседі.

17:00–17:30. Қорытынды марапаттау

Номинациялар:

  • «Ең ұйымшыл команда»
  • «Ең белсенді қатысушы»
  • «Ең шығармашыл команда»
  • «Табиғат жанашыры»

Барлық балаларға сертификаттар тапсырылады.

17:30–18:00. Жабылу рәсімі

Жүргізуші:

– Бүгін біз табиғатпен дос болуды, бір-бірімізге көмектесуді және бірге көңілді уақыт өткізуді үйрендік. Келесі кездескенше, достар!

(Балалар ортақ суретке түседі және лагерь аяқталады.)

Қажетті құралдар:

  • шатырлар;
  • жалау жасауға арналған материалдар;
  • доптар;
  • арқан;
  • маркерлер мен ватмандар;
  • алғашқы көмек қобдишасы;
  • ауыз су;
  • марапаттау қағаздары мен сыйлықтар.

Даладағы шатырлық лагерьдің ережелері

Жалпы ережелер

  1. Лагерь жетекшілерінің нұсқауларын міндетті түрде орындау.
  2. Лагерь аумағынан рұқсатсыз шықпау.
  3. Бір-біріне құрметпен қарау, әдепті сөйлеу.
  4. Қауіпсіздік талаптарын сақтау.
  5. Табиғатты қорғау және тазалықты сақтау.

Шатырдағы тәртіп

  1. Шатырды ұқыпты пайдалану.
  2. Шатыр ішінде жүгірмеу және ойнамау.
  3. Жеке заттарды ретімен сақтау.
  4. Шатырдың ішіне өткір немесе қауіпті заттарды әкелмеу.
  5. Шатырдан шығарда есігін жауып жүру.

Қауіпсіздік ережелері

  1. Бейтаныс өсімдіктерді жұлып, дәмін татпау.
  2. Жәндіктерді ұстамау және жануарларға жақындамау.
  3. Жарақат немесе жайсыздық сезілсе, бірден жетекшіге, дәрігерге хабарлау.

Табиғатты қорғау ережелері

  1. Қоқысты арнайы орындарға тастау.
  2. Ағаштардың бұтақтарын сындырмау.
  3. Гүлдер мен өсімдіктерге зиян келтірмеу.
  4. Табиғи ортаны таза күйінде сақтау.
  5. Су көздерін ластамау.

Ас ішу кезіндегі ережелер

  1. Тамақтанар алдында қол жуу.
  2. Тамақты ұқыпты пайдалану.
  3. Ас ішетін орынды таза ұстау.
  4. Өзгенің тамағын рұқсатсыз алмау.

Ойын және іс-шаралар кезінде

  1. Командалық жұмысқа белсенді қатысу.
  2. Әділ ойнау.
  3. Басқа қатысушыларға кедергі келтірмеу.
  4. Спорттық құралдарды дұрыс пайдалану.

Тынығу уақытының ережелері

  1. Белгіленген уақытта демалу.
  2. Басқалардың тыныштығын бұзбау.
  3. Айқайламау және қатты шу шығармау.

«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ

Шатырлық лагерь жетекшілері туралы мәлімет

2025 – 2026 оқу жылы

р\с

 

Аты - жөні

қызметі

Лауазымы

Байланыс телефоны

1

               Кумарова К

    Лагерь         

      басшысы

ДТІЖО уақытша м.а.

8-701-128-57-74

8-705-644-96-74

2

Губашева Н

Психолог

Мектеп психологі

8-776-061-81-81

 

3

Қуат Мөлдір

Жетекші

Дефектолог

8-702-521-33-98

 

4

Саламат Айна

Жетекші

Физика пәні мұғалімі

8-778-510-40-33

5

Нұрхатов Ізбасар

Жетекші

Физика пәні мұғалімі

8-771-903-14-67

 

6

Тоқашев Қанат

Жетекші

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

8-771-342-41-78

7

Нысанова Жанар

Мектеп медбикесі

Мектеп медбикесі

8-771-144-80-72

 

 

Мектеп директоры: Т.Н.Калиева

 

 "Біз бақытты баламыз" тақырыбында лагердің ашылу салтанатты жиыны.

«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ - де Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қолдаған Наурыз мейра ын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз күні «Қайрымдылық» тақырыбы белгіленді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жобасы аясында мектебіміздің 8 оқушысына жазғы демалыс лагерлеріне жолдама табысталды:

  • Сату Құндыз
  • Мырзатай Айзере 
  • Хйаролла Тілеубек
  • Нұрғали Тілекқабыл
  • Ерланқызы Қаракөз
  • Аманқос Мақсат 
  • Хайролла Аягөз
  • Тілеш Таңшолпан