Ата-аналар мен білім алушылар назарына!

2025-2026 оқу жылындағы міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай қара түс болып бекітілді.

Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Шаш үлгісі: қысқа спорттық үлгіде алынған.

ЕСКЕРТУ: ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс.

Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Шаш үлгісі жинақы өрілген, ақ түсті бантик тағулы.

ЕСКЕРТУ: ішкі тәртіп ережесіне орай қыздарға шалбар, атлас юбка киюге рұқсат етілмейді.

«Қызылқоға аудандық Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі  ауыл тұрғындарының назарына ұсынады.


2018-2019 оқу жылының басында ҚР Білім жəне ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы 26 бұйрығымен бекітілген "Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар" бойынша балаларға мектеп формасы алуларыңыз сұралады.