Білім мен жылы атмосфера тоғысқан орын
«Бойжеткен, балауса қыздар» клубының кезекті отырысы өтті
Мектебімізде қыз балалардың тәрбиесіне, тұлғалық дамуына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Бойжеткен, балауса қыздар» клубының кезекті отырысы өткізілді.
Кездесу барысында қыз баланың қоғамдағы орны, әдептілік пен инабаттылық, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу және ұлттық тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор пікірталасқа белсенді қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қыздардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу және өмірлік құндылықтарын нығайту.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Жас ұрпақтың тәрбиесіне бағытталған тағылымды кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.