Білім мен жылы атмосфера тоғысқан орын
Сынып жетекшілермен тағылымды кездесу
Мектептің тәрбие жұмысы бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында сынып жетекшілермен кезекті жиналыс өткізілді.
Жиын барысында оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды мәселелер қарастырылып, сынып жетекшілердің тәжірибесімен бөлісуіне мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, әріптестердің кәсіби қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, топтық жұмыстар мен түрлі психологиялық жаттығулар арқылы өзара ынтымақтастықты арттырды. Жағымды көңіл күй қалыптасып, әріптестік байланысты нығайтуға бағытталған пайдалы ойлар ортаға салынды.
Басты мақсатымыз – бірлік пен ынтымақтастықты нығайта отырып, сапалы тәрбие жұмысына қолайлы орта қалыптастыру.












