«Отбасы құндылықтары – ұлт құндылықтары»
Мектебімізде жас ұрпақтың бойына ұлттық және отбасылық құндылықтарды сіңіру, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында «Отбасы құндылықтары – ұлт құндылықтары» тақырыбында дебат сайысы өтті.
Дебат барысында оқушылар отбасының қоғамдағы орны, ата-анаға құрмет, ұлттық салт-дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы және отбасы тәрбиесінің маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
Қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыдан жауап бере білді.
Пікірсайыс оқушылардың шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін және өз көзқарасын мәдениетті түрде жеткізу шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей, берік отбасы – берік қоғамның, ал берік қоғам – мықты ұлттың негізі.
Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасылық тәрбиені нығайту жолындағы игі бастамаларымыз жалғаса берсін!












