Мақсаты: Оқушылардың стресс пен эмоцияны басқару дағдыларын дамыту, мұғалімдермен арадағы кедергілерді жойып, өзара құрмет пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Қатысушы: 9 сынып оқушылары

Форматы: тренинг

Күні: 07.10.2026

Жүру барысы:

1. «Менің бүгінгі ауа-райым»

Барысы: Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әр қатысушы кезекпен өз есімін айтып, қазіргі көңіл-күйін ауа-райымен сипаттайды. Мысалы: «Менің есімім Аян, менің ішкі ауа-райым қазір — ашық, шуақты күн» немесе менде қазір кішкене тұман аралас жаңбыр».

2. «Айна» жаттығуы

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бір оқушы баяу қимыл жасайды, екіншісі оның қимылын айнадағыдай қайталайды. Кейін рөлдер ауысады.

«Қарым-қатынаста тек сөйлеу емес, адамның қимылын, көңіл күйін, эмоциясын байқау да маңызды».

3. «Орныңды тап!»

Жаттығу барысында өз тобында кіммен ортақ қызығушылығының бар екенін байқайды.

4. «Сенім көпірі»

«Біздің сыныпта сенімді қарым-қатынас орнату үшін не қажет?»

Тыңдау $\rightarrow$ Құрмет $\rightarrow$ Сенім $\rightarrow$ Қолдау $\rightarrow$ Түсіністік

5. «Эмоция шығару» жаттығуы

Қатысушыларға қағаз қиындылары таратылады. Әрқайсысы белгілі бір эмоцияны сезінген кезде қандай әрекет жасайтынын жазады. Мысалы: «Ашуланғанда үндемей қаламын», «Ренжігенде жылағым келеді», «Қобалжығанда саусақтарымды тарсылдатамын».

6. «Біз біргеміз» жаттығуы

Оқушылар екі-екіден жұптасады. Әр жұпқа бірдей сурет және қағаз беріледі. Жұптағы бір оқушы сол қолымен бағыттап, суреттің қалай қиылатынын айтып отырады, ал екінші оқушы оң қолымен сол нұсқаулықты орындап, суретті қияды.

Kүтілетін нәтиже: өз бойындағы жағымды қасиеттерді танып, өзіне деген сенімі артады; құрдастарымен және мұғалімдермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйренеді; бір-бірін тыңдау, түсіну және құрметтеу дағдылары дамиды; келіспеушілік пен қиын жағдайларда сабырлы әрекет етуге дағдыланады.