Мақсаты: 10-сынып оқушыларының жаңа оқу кезеңіне психологиялық бейімделуіне ықпал ету, болашаққа мақсат қоюға, өз мүмкіндіктерін бағалауға және жауапкершілікпен шешім қабылдауға бағыттау.

Қатысушы: 10 сынып оқушылары

Форматы: тренинг

Күні: 12.10.2026

Жүру барысы:

  1. «Жылы лебіз» шеңбері
    Әр оқушы өз есімін айтып, бүгінгі көңіл-күйін бір сөзбен сипаттайды.
  2. «10-сынып мен үшін...» жаттығуы
    Оқушылар осы сөзді естігенде ойына келген сөздерді айтады.
    Мысалы: жауапкершілік; ҰБТ;
  3. «Менің күшті жақтарым» жаттығуы
    Әр оқушы өздерінің кемінде 5 жақсы қасиетін жазады.
  4. «Мүмкіндік немесе кедергі?»
    Психолог бірнеше жағдай оқиды. Оқушылар бұл жағдайды «мүмкіндік» немесе «кедергі» деп бағалайды.
  5. «Мақсат баспалдағы»
    Алға қойған мақсаттары мен нәтижеге жету үшін қандай қадам жасайтынын жазу.
  6. «12 құнды сөз»
    Өздері үшін маңызды 12 құнды сөз жазу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар 10-сыныптағы жаңа кезеңге жағымды көзқарас қалыптастырады, өздерінің күшті жақтарын анықтайды, жеке мақсаттарын белгілеуге және болашақ оқу бағыты мен мамандық таңдауы туралы ойлануға ынталанады.