Тақырыбы: “Кітаптар әлеміне алғашқы қадам”
Форматы: Танымдық саяхат
Өткізілген уақыты: 23.01.2026 жыл
Өткізілген сыныбы: 1 сыныптар 

2026 жылы 23 қаңтар күні 1 сынып окушылары үшін “Кітаптар әлеміне алғашқы қадам” тақырыбында “Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп” КММ кітапханасына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Саяхаттың мақсаты - балаларды кітап әлемімен таныстыру, кітапхана мәдениетін үйрету және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру болды. 
Оқушылар кітапхана кызметімен танысты, түрлі ертегілер мен балаларға
арналған кітаптарды тамашалады. Сенцорлы панельден тапсырмалар орындап, ертегі тыңдады. Сұрақтарга жауап беріп, белсенділік көрсетті. Саяхат қызықты әрі пайдалы өтті.