Өткізген уақыты: 20.02.2026 ж.
Форматы: Кездесу, түсінік жұмыстары
Құндылық: «Заң және тәртіп»
Қызылқоға ауданы білім бөлімі, Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің 2026 жылғы 20 ақпандағы №5-5/74/395 хатына сәйкес, «Сталкингті Тоқтат» республикалық акциясы аясында «Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ – де қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы міндетін атқарушы полиция капитаны Бержанов Әбілқасым Ғаділбекұлы мектеп оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Қазіргі қоғамда сталкингтің мәнін түсіну, оның белгілерін білу және алдын алу жолдарын меңгеру әр азамат үшін маңызды.
Қазіргі қоғамның тағы бір терең тренді бұл құмар ойындарға тәуелділік лудомания немесе құмар ойындары екенін ескертіп, пайдасыз іс-әрекеттерді болдырмау жолдарын түсіндірді. Аталған акция шеңберінде білім беру ұйымдарында «Жеке бостандық құқығы: зорлық – зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу үшін құқықтық негіздер мен жауаптылық» тақырыбында сынып сағаттары, дәрістер, түсіндіру кездесулері, құқық қорғау органдары, психологтардың қатысуымен профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы айтылды.












