АНЫҚТАМА Алғыс айту күніне арналған “Алғыс- ізгі ниет” тақырыбындағы сынып сағаты Бүгін біздің 7 “Б” сыныбында сынып жетекші Г.Темірғалидың ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ерекше тәрбие сағаты өтті. Сабақтың басты мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығы мен алғысын дәріптеу болды. Тарихқа көз жүгіртсек, қиын кезеңдерде қазақ халқы түрлі ұлттарды бауырына басып, қолдау көрсеткен. Сол мейірімділік пен кеңпейілділіктің арқасында бүгінде елімізде көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 🇰🇿 Сынып сағатында біз бірлік, достық және сыйластық туралы ой бөлістік. Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі – еліміздің байлығы екенін түсіндік. Алғыс айту күні – өткенге тағзым етіп, бір-бірімізге ризашылық білдіретін ерекше күн. Баршаңызға бейбіт өмір, ынтымақ пен бірлік тілейміз!