Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер- ұлт рухы»
Форматы: Сайыс
Сыныбы: 8 «ә» сыныбы
Сынып жетекшісі : Салменова Г.
Өткізген уақыты: 25. 02. 2026ж
«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ 8 «ә» сыныбында «Мемлекеттік рәміздер- ұлт рухы » тақырыбында сайыс өткізілді. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан-жақты таныстыру.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу және құрмалас сөйлем құрастыру қабілеттерін дамыту. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.













