Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер- ортақ құндылығымыз»
Форматы: Өнеге сағаты
Сыныбы: 2 «ә» сыныбы
Сынып жетекшісі : Серік А
Өткізген уақыты: 24. 02. 2026ж
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында
«Мемлекеттік рәміздер- ортақ құндылығымыз» атты өнеге сағаты ұйымдастырылды. Негізгімақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіру,
оларды құрметтеуге тәрбиелеу және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы
және Әнұраны туралы мәліметтер ұсынылды. Рәміздердің шығу тарихы,
авторлары және олардың бейнелік ерекшеліктері туралы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітаптар, иллюстрациялар және танымдық
материалдар қойылды. Іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысып, рәміздер
туралы білімдерін толықтырды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын
ортаға салды, сұрақтарға жауап берді.













