1 наурыз Алғыс айту күніне орай “Шалқыма” м/ү және “Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп” КММ ұйымдастыруымен 2 кезең бойынша:
1) еркін тақырыпта;
2) Отан, туған жер тақырыбында өлеңдерді жатқа, мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.
Сахна төрінде тұрып, бір ғана мәтін арқылы қаншама жүрекке әсер ету – үлкен өнер әрі жауапкершілік. Сол жауапкершілікті абыроймен арқалаған оқушыларымызға алғыс айтамыз.












