А Н Ы Қ Т А М А

Тақырыбы: «ДосболLike» «Достық қолын ұсын»
Мақсаты: «Дос» - деген сөздің мағынасын ашу, «Достық» туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарды әділетті, ақыл – парасатпен адал болуға, шыншылдыққа, көпшілікке тәрбиелеу.
Өткізілген уақыты: 4.12.2025
Акцияның мақсаты — оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастық пен өзара қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Акцияға мектептің 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, достықтың маңыздылығы мен құндылығын түсінді. Сонымен қатар, оқушылар өзара сыйластық пен түсіністік қалыптастыру мақсатында шағын шығармашылық тапсырмаларды орындап, өзара қолдау көрсету дағдыларын дамытты. Акция нәтижесінде оқушылар арасында достық және ынтымақтастық атмосферасы күшейді. Осыған байланысты акция мектеп әкімшілігі тарапынан оң бағаланып, болашақта осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланды.