АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Заң және тәртіп»
Іс- шараның мақсаты – оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы және оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережелері талқыланды.
Сынып сағаты барысында:
• «Заң дегеніміз не?» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды;
• Оқушыларға құқық пен міндет ұғымдары түсіндірілді;
• Тәртіп бұзудың салдары туралы мысалдар келтірілді;
• Ситуациялық сұрақтар арқылы құқықтық жағдайлар талданды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді. Сынып сағатының тәрбиелік маңызы зор болды. Шара оқушылардың заңға құрметпен қарауын және қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Шара соңында бейнеролик түсірілді.
https://www.instagram.com/reel/DT2a6abjLfV/?igsh=MXFoZHM1Ymk5cm4zOQ==












