Анықтама
Тақырыбы: «Еңбек адамы – ел құрметі»
Шара түрі: Кездесу кеші
Өткізілген күні: 17.09.2026
Өткізілген орны: Мектеп кітапханасы
Мектебімізде оқушыларға еңбектің қадір-қасиетін түсіндіру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, адал еңбекке баулу және түрлі мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында «Еңбек адамы – ел құрметі» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешіне еңбек саласында қызмет етіп жүрген мамандар шақырылып, оқушылармен еркін форматта пікір алмасты. Қонақтар өздерінің еңбек жолы, таңдаған мамандығы, кәсіби қызметі және еңбек барысында кездесетін қызықты сәттері туралы әңгімеледі. Кездесу барысында «Еңбек – елдің берекесі», «Адал еңбек – абырой», «Еңбек адамы – елдің құрметі» деген ұстанымдар кеңінен насихатталды.
Қорытынды:
«Еңбек адамы – ел құрметі» атты кездесу кеші оқушылардың еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастырып, еңбек адамдарының еңбегін бағалауға және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт берді. Шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/reel/DdazkxqMyui/?stkn=NDgxM3RjZDIzYWpv
https://erkinov-kyzylkogabb.edugov.kz/kz/zhas-lan-zhas-yran-balalar-men-zhas-spirimder-jymyny-zh-mystary/812-e-bek-adamy-any-tama.html#sigFreeId3ddabf3a1f












