А Н Ы Қ Т А М А

 

Тақырыбы: «Мектептерде  никотин мен темекіге жол жоқ!»

Өткізілген уақыты:  14 .09.2026

Өткізілген сыныбы: 9-11 сыныптар 

Мақсаты: мектептерде темекіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу жұмыстарын күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау.

2026 жылғы 14 қыркүйек күні «Ш.Т.Еркінов  атындағы орта мектеп» КММ мектебінде «Мектептерде  никотин мен темекіге жол жоқ!» тақырыбында оқушылар арасында диктант, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Іс - шараның негізгі мақсаты білім алушыларға темекі өнімдері мен құрамында никотин бар өнімдердің адам ағзасына тигізетін зияны туралы  диктант және  түсінік  жұмыстары жүргізілді.  Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі никотин мен темекі өнімдерінің кең таралуы. Бұл мәселе әсіресе жасөспірімдер арасында алаңдаушылық туғызады. Өйткені мектеп жасындағы балалардың денсаулығы ел болашағының кепілі.  Оқушыларға никотин мен темекінің зияны туралы қажетті ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт - бағдар ұсынылды.