25 қазан – Республика күніне орай оқушылар арасында патриоттық тәрбие беру
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: 25 қазан – Республика күніне құттықтау челлендж
Формат: құттықтау челлендж
Мақсаты: 25 қазан – Республика күніне орай оқушылар арасында патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және елжандылық сезімдерін қалыптастыру.
Өткізілген уақыты: 22 қазан
Сыныбы: 6 «Ә»
Құндылық: «Тәуелсіздік және отаншылдық айы»
25 қазан – Республика күніне орай оқушылар арасында патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және елжандылық сезімдерін қалыптастыру мақсатында 6”Ә”сынып оқушыларының құттықтау шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтады. Олар өз сөздерінде туған жерге деген сүйіспеншілігін, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның жарқын болашағы үшін білімді де тәрбиелі ұрпақ болуға ұмтылатындарын жеткізді.
Оқушылар еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы нығая беруіне, еліміздің өркендеп, дамуына тілектерін білдірді. Құттықтау сөздері арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және ұлттық мақтаныш сезімдері насихатталды.
https://www.instagram.com/reel/DewPv07MpXW/?srtk=NDhzZnF3aGt2ZGwy












