22 қазан Республика күні оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Отаным – жүрегімде»
Формат: әдеби-сазды кеш
Мақсаты: 22 қазан Республика күні оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу
Өткізілген уақыты: 22 қазан
Сыныбы: 5-8 сынып
Құндылық: «Тәуелсіздік және отаншылдық айы»
«Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектеп» КММ
Мектебімізде 22 қазан Республика күніне орай 5–8 сынып оқушылары арасында оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Отаным – жүрегімде» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер, Қазақстанның кең байтақ даласы мен тәуелсіздігі туралы өлең-жырлар оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, туған елдің тарихы мен мәдениеті, мемлекеттік рәміздер және еліміздің жетістіктері туралы тағылымды ойлар айтылды.
Әдеби-сазды кеште оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, мәнерлеп оқу шеберліктерін, ән айту қабілеттерін және шығармашылық белсенділіктерін көрсетті. Отанды сүю, туған жерді қадірлеу, ел бірлігін сақтау және Қазақстанның болашағына үлес қосу жөніндегі тәрбиелік мәні зор пікірлер ортаға салынды.
Қорытынды: «Отаным – жүрегімде» атты әдеби-сазды кеш өз мақсатына жетті. Оқушылар Отанды құрметтеу, елін сүю және туған жердің қадірін білу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін түсінді.
https://www.instagram.com/reel/De1NhJDswc2/?obrf=MWtsNDAzazVwa2RtMA==












