АНЫҚТАМА Тақырыбы: «Тәуелсіздікке тағзым – Республикам, мақтанышым!» Формат: QUIZ интеллектуалды сайыс Мақсаты: 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету Өткізілген уақыты: 23 қазан Сыныбы: 9-11 сынып Құндылық: «Тәуелсіздік және отаншылдық айы» 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету мақсатында «Тәуелсіздікке тағзым – Республикам, мақтанышым!» тақырыбында QUIZ интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар Қазақстанның тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары мен ел мақтанышына айналған тұлғалар туралы сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қорытындылай келе, QUIZ интеллектуалды сайысы оқушылардың білімін жетілдіруге, патриоттық сезімін нығайтуға және өз елінің тарихын құрметтеуге бағытталған мазмұнды тәрбиелік іс-шара болды. https://www.instagram.com/reel/De1yRTKMBQ7/?srtk=YnBkbWxjanNham8z