«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту мақсатында 2 «А» сыныбына тәрбие орынбасарлары «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізілді. Сабақта жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту және де жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа шақыратын түсінік жұмыстары жүргізілді.