Тақырыбы: «Әскер Отан қорғаудың айқын белгісі, тәртіппен батылдықтың мектебі»
Формат: кездесу
Өткізілген уақыты: 19 қыркүйек 
Өткізілген сыныбы: 9-11 сынып  
Құндылық: «Заң және Тәртіп»    
 
«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де «Әскер Отан қорғаудың айқын белгісі, тәртіппен батылдықтың мектебі» тақырыбында ашық ерлік сабағы өткізілді.  Мақсаты: Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында мектеп оқушылары арасында патриоттық сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері туралы түсінікті кеңейту. Отан қорғау борышына жауапкершілікпен қарау сезімін арттыру және болашақ әскер қызметке қызығушылықты дамыту.