Тақырыбы: «Әке Talk» мотивациялық алаңы

Формат: табысқа жеткен әкелермен сұхбат

Мақсаты: сұхбат арқылы білім алушылар әкелер мен отбасы, тәрбие құндылықтары туралы ашық әңгімелесіп, әкенің отбасындағы рөлі мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік алады. Жалпы жоба әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын, сүйіспеншілік пен жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттауға бағытталған.

Өткізілген уақыты: 20 қазан

Құндылық: «Бірлік және ынтымақ»  

 «Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 20 қазан күні «Ұрпағыңмен мың жаса!» жобасы жоспары бойынша табысқа жеткен әкелермен (аталармен) оқушылар сұхбат жүргізді.