«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 6 қараша күні «Бойжеткен» қыздар клубының кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша: 1. «Ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын-алу» (Кездесу). «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының акушер геникологы Ыбырайқызы Тоғжан мен «Жасқайрат» амбулаториялық дәрігерлік орталғының акушер -геникологы Г.Болатова 2. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» (Психологиялық тренинг) Мектеп психологтары 3. Атырау облысы білім беру басқармасы өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экстремистік идиеологияларға қарсы тұру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тиесілі білім беру ұйымдарының бейнематериалды көрсетілді; 4. Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау мақсатында әуе шарларын пайдалану мен ұшыру және пайдалануға тиым; 5. «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жоспарына сәйкес, білім беру ұйымдарында жылыту(электр) аспаптарына(пештерге)өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіре отырып және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.