«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту мақсатында 5 сынып оқушыларына тәлімгер А.Сарқұлова «Жол белгілерін дұрыс орындау» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізілді. Сабақта жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту және де жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа шақыратын түсінік жұмыстары жүргізілді.