«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында әке мен бала тандеміндегі «Family BrainRing» сайысы өткізілді.
Сайысқа қатысушылар:
1. «Таныстыру» (Әке мен бала презентациясы) Топ аты, ұраны және отбасы туралы қысқаша (1 мин.) таныстыру;
2. «Бәрін білгір» сұрақ-жауап (әр топқа 5 сұрақтан қойылады);
3. «Сен мені түсін!» (Жасырын сөзді ыммен түсіндіру). Әке балаға (немесе керісінше) бір сөзді ыммен түсіндіреді (сөйлей алмайды);
4. «Ұқсас ой – ортақ жауап». Әке мен балаға бірдей 5 сұрақ жеке беріледі. Жауаптары сәйкес келсе – ұпай;
5. «Мақал-мәтел сайысы». Мақалдың жалғасын табу;
6. «Әкеммен әр сәт бағалы» (әкесі мен баласының бірге түскен суреттерінен фотокөрме). Сынды турларды өткізіп: «Ең үздік тандем», «Білімді әке-бала», «Тапқыр отбасы» номинацияларына ие болды.