Алаш арысы, ұлт күрескері, әдебиетіміздің жарық жұлдызы Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Азаттыққа жол салған Алаш ардақтысы» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді. Кешті 10 сынып оқушысы Алтай Айзада «Ыңғайтөк» күйімен ашты. Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы «Өмір жолы – ел жолы» атты видеоролик көрсетілді. «Поэзия минуттары» бойынша оқушылар «Оян, қазақ!», «Жас қазақтар, қайдасың?»,«Шешемнің балаларын сүюі», «Шәкірт», «Пасық байларға», «Жастарға»,«Оянба қазақ» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Алаш арыстары» атты бес арыс қойылымы қойылды. «Міржақыпты қаншалықты білесің?» атты әдеби викторина бөлімі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылды және Міржақып Дулатұлының шығармаларынан көрме жасақталып таныстырылды. Әдеби кеш Айтқали Көркемнің орындауындағы «Тәуелсіз елдің қызымын» әнімен аяқталды. Кешті қорытындылау үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Құмарова Құралай апайға сөз кезегі беріліп, кештен алған әсері туралы ой бөлісті.
https://erkinov-kyzylkogabb.edugov.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/703-azatty-a-zhol-sal-an-alash-arda-tysy.html#sigFreeId050384d554












