А Н Ы Қ Т А М А
Тақырыбы: «Әкелер патрулі» 
Формат: рейдтік шара 
Мақсаты: бала қауіпсіздінің алдын алу, мектеп пен әкелер байланысын күшейту
Өткізілген уақыты: 30 қаңтар
Контингент: әкелер кеңесі, ата-аналар комитеті 
Құндылық: «Заң және Тәртіп»  
Жоба: «Ұрпағыңмен мың жаса!»Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні кешкі сағат 22.00-01.00 аралығында “Заң мен тәртіп” қағидаты негізінде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “ШТЕркінов атындағы орта мектеп” КММ - сі “Әкелер патрулін” ұйымдастырды. Шара барысында әкелер мен сынып жетекшілерден құрылған топ көше тәртібін, жасөспірімдердің кешкі қозғалысын қадағалау үшін рейдке шықты. “Әкелер патруліне” 15 әке, 5 сынып жетекші, 2 психолог, 3 тәрбие ісі меңгерушілері қатысты. Олар берілген тапсырмалар бойынша бөлініп жұмыстар жасады. 4 дүкен иелерімен сөйлесілді. Рейд кезінде мезгілсіз жүрген оқушылар кездескен жоқ.