Формат: рейдтік шара

Мақсаты: бала қауіпсіздінің алдын алу, мектеп пен әкелер байланысын күшейту

Өткізілген уақыты: 19 желтоқсан

Контингент: әкелер кеңесі, ата-аналар комитеті

Құндылық: «Заң және Тәртіп»

Жоба:  «Ұрпағыңмен мың жаса!»

«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 19 желтоқсан күні «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында, «Ұрпағыңмен мың жаса!» жобасы аясында «Әкелер патрулі» рейдтік шарасы ұйымдастырылды. Шараға «Ойыл» ауылдық округі әкелер кеңесі төрағатсы, «Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» әкелер кеңесі мүшелері, ата-аналар комитеті мүшелері(әкелер), ДТІЖО, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, тәлімгер, мектеп инспекторы, №5 учаскелік полиция лейтенанты қатысты. Алдымен шараның салтанатты ашылу өткізіліп, шараның мақсаты мен өткізілу барысы туралы тәрбие орынбасарлары атап өтті. Шараның негізгі бөлімі бойынша жиналған топ ауыл көшелерін аралап, ойын-сауық орталықтарына кірніп түсінік жұмыстарын жүргізді.