Тақырыбы: “ Әкенің махаббаты - бұл күш, қорған және бағдаршам ”
Формат: кездесу
Өткізілген уақыты: 30 Қаңтар
Өткізілген сыныбы: 1 -11 сыныптар, ата-аналары
Құндылық: «Бірлік және ынтымақ»
«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-д ДТІЖО К.Кумарованың ұйымдастыруымен “Әкенің махаббаты - бұл күш, қорған және бағдаршам” тақырыбында өткен әкелер апталығының қорытынды шарасы дөңгелек үстел түрінде өтті. 11 әке, 4 ата қатысты. Баланың тәрбиесіне отбасындағы әке мен атаның ролі қандай екендігіне басымдық беріле отырып, “Кел, сұхбаттасайық” атты негіз бөлімде отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты арнайы бейне көрсетілім көрсетіліп, сол бойынша пікір айтқан еңбек ардагері Иманбаев Құлым ата, Құсайынов Марат аталардың аталық ақыл кеңесі тыңдалып, кейінгі жас әкелер А.Жексенов, Е.Жолғұттиев, А. Ығылманов, С.Нұрғалиев, А.Есалиев, І.Сарсенов, Ж.Қожағали, Н.Жайлыбаев, О.Қосжан, Н. Құмаров, А.Қойшин, Ж.Құлбаев балаларға әкелік ақыл-кеңестерін беріп, ұстаздар қауымына алғыс айтты. Оқушылардың әке тақырыбындағы монолог оқуы, ән айтып, би билеуі сонымен қатар шара соңындағы әкелер мен қыздарының билеген вальсі тәрбиелік шараның шырайын кіргізді. Айтар ақылы мен берер кеңестері бар әкелер апталығының тәлімдік әрі тәрбиелік мәні зор болды. Апталық барысында үнемі түздің адамы болып есептелетін әкелер бір кезек мектеппен байланыс орнатып, ұйымдастырылға мәдени шараларға қатысып, балаларының қандай түсті киімдерді жақсы көретінін және аяқ киім өлшемін біліп, сынып жетекшісімен жақын сөйлесіп, қысқасы, мектеп- әке – бала үштік одағы жарасым тапты.
https://erkinov-kyzylkogabb.edugov.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/725-keni-makhabbaty-b-l-k-sh-or-an-zh-ne-ba-darsham.html#sigFreeId2c18d16d68












