«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-сінде 12 ақпан күні «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес «Әжелер мектебі» мен « Бойжеткен » қыздар клубының мүшелері қатысуымен «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында әже мен қыздары әулеттің, ұрпақтың жауапкершілігі талша мойнына артылған сәтте оң жақта алған тәрбиенің атқаратын рөлі, қыз бала тәрбиесін әжесі арқылы қалыптастырып отырған дана халықтың әдет-ғұрыптары туралы сөз қозғалды.