Тақырыбы: «Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғам»

Формат: Кездесу

Өткізілген уақыты: 3 наурыз

Өткізілген сыныбы: 9-11 сыныптар

Құндылық: «Заң және тәртіп»

2026 жылдың 3 наурыз күні Ш.Еркінов атындағы орта мектеп оқушыларымен «Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғам» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында кездесу өтті. Кездесуді теолог маман Сұлтанов Мұрат жүргізді.

Шара барысында оқушыларға әлеуметтік желідегі күмәнді ақпараттарға еріп кетпеу, деструктивті діни ағымдардың белгілерін ажырата білу, дәстүрлі рухани құндылықтарды құрметтеу және сыни ойлау қабілетін дамыту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.