Тақырыбы: «Қыз ғұмырдың құпиялары»
Формат: Сыр сұхбат
Өткізілген уақыты: 12 желтоқсан
Өткізілген сыныбы: 6-8 сынып
Құндылық: «Жасампаздық пен жаңашылдық»
«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-сінде 12 желтоқсан күні «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес «Жеңгелер мектебі» мен « Бойжеткен » қыздар клубының мүшелері қатысуымен «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жеңге мен қайын сіңлі арасындағы сыйластық, үкідей үлпілдеген қыз дәурені "келін-ғұмырға" айналып, әулеттің, ұрпақтың жауапкершілігі талша мойнына артылған сәтте оң жақта алған тәрбиенің атқаратын рөлі, қыз бала тәрбиесін жеңгесі арқылы қалыптастырып отырған дана халықтың әдет-ғұрыптары туралы сөз қозғалды.
 Дөңгелек үстелдің мақсаты: жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру.