Өткізген уақыты: 18.03.2026 ж
Тақырыбы: Каникул кезіндегі қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік
Форматы: Түсіндіру жұмыстары
Құндылық: «Заң және тәртіп»
«Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп» КММ-де 18 наурыз күні «Каникул кезіндегі қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында жалпы 5,9,10,11 сыныптар арасында мектеп директоры Калиева.Т.Н. және сынып жетекшілер оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Мақсаты:
Оқушыларға каникул уақытында өз өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру және құқықтық жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту. 
Сонымен қатар, заң бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әрбір әрекет үшін жауапкершілік бар екенін ұғындыру.