Форматы: “Кітаптар акциясы”
Сыныбы: 5 “Б”-"А" сыныбы
“Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп”КММ көктемгі демалыс кезінде білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Кітаптар акциясы” ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өзара кітап алмасып, оқыған шығармалары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, кітаптың маңыздылығы туралы әңгімелер жүргізіліп, түрлі танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап кезеңдері ұйымдастырылды. Акцияға 5 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің оқуға деген ынталарын көрсетті.
https://erkinov-kyzylkogabb.edugov.kz/kz/birt-tas-t-rbie-ba-darlamasy/772-kitaptar-aktsiyasy.html#sigFreeId196fad1e6a












